1 - 4 шілде 2019 — Нұр-Сұлтан, Қазақстан

1 - 4 шілде 2019

Жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісім

Astana Finance Days-тің тіркеу нысанына жеке деректерді енгізген кезде пайдаланушы өз еркімен және өз мүддесі үшін Astana Finance Days Ұйымдастыру комитетіне (бұдан әрі – «Ұйымдастыру комитеті») тіркеу кезінде көрсетілген өзінің жеке деректерін жинауға және өңдеуге мынадай шарттармен келісім береді:
Жеке деректерді өңдеу тәсілі автоматтандырылған.

Мынадай жеке деректерді өңдеуге келісім беріледі: тегі, аты, жынысы, туған күні, айы, жылы, төлқұжаттық деректері (азаматтығы, құжаттың нөмірі,
жарамдылық мерзімі), тұрғылықты елі, телефон нөмірі, жұмыс орны, лауазымы туралы мәліметтер, фотосурет.

Жеке деректерді өңдеудегі мақсат мыналарға:

  • Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындауға;
  • қатысушыға бейдж – Astana Finance Days (бұдан әрі – «Іс-шаралар») өтетін аумаққа рұқсатнаманы ресімдеу мен беруге бағытталған іс-әрекеттер кешенін жүзеге асыру болып табылады.

Өңдеу барысында жеке деректермен мынадай іс-әрекеттер жасалатын болады: деректерді жинау, жазу, тексеру, жүйелеу, жинақтау, сақтау,
нақтылау (жаңарту, өзгерту), алып шығу, пайдалану, беру (тарату, ұсыну, қолжетімділік), иесіздендіру, бұғаттау, алып тастау, жою. Жеке деректерді үшінші тұлғаларға беру пайдаланушының келісімімен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіп негізінде жүзеге асырылады. Осы келісім мерзімсіз қолданылады және пайдаланушы оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес Ұйымдастыру комитетіне жазбаша хабарлама жіберу арқылы кері қайтарып ала алады.

Ұйымдастыру комитеті осы келісімді кері қайтарып алу жөніндегі өтініш алынған күннен бастап жеке деректерді өңдеуді тоқтатады және оларды 1 (бір) айдың ішінде немесе осы келісімді кері қайтарып алу жөніндегі өтініш болмаған кезде, қолданыстағы заңнамада көзделген мерзімде жояды.

Ұйымдастыру комитеті жеке деректерді өңдеуге келісімді кері қайтарып алу жөніндегі өтінішті алған кезден бастап бір мезгілде Іс-шара өтетін аумаққа өту құқығы да тоқтатылады.