1 - 4 шілде 2019 — Нұр-Сұлтан, Қазақстан

1 - 4 шілде 2019

Талгат Аюпов

Chairman of the Board of Halyk Finance JSC

Талғат Жолдасбекұлы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Экономикадағы ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша бітірген, сондай-ақ Cass Business School City of London (Ұлыбритания) сауда және қаржы саласындағы магистр дәрежесі бар.
Талғат Жолдасбекұлы Халық Банкте 2008 жылдың сәуір айынан бастап жұмыс істеді және Қазынашылық сауда операциялары басқармасының бастығы болды. 2014 жылғы қарашадан бастап 2017 жылғы қаңтарға дейін «Altyn Bank» АҚ («Қазақстан Халық Банкі» АҚ ЕБ) Қазынашылық директоры лауазымында болды. 2017 жылғы қаңтарда Қазынашылық директоры лауазымына Банкке қайта қабылданды.   
Бұрын «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкі жанындағы Ұлттық талдау орталығы» АҚ-да жұмыс істеді және  Қаржы секторын талдау департаментінің сарапшы-талдаушысы, Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесін талдау мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу жөніндегі қызметтерді орындаушы лауазымдарын атқарды. 
Аюпов Талғат Жолдасбекұлы 2019 жылдың 24 мамырынан бастап «Halyk Finance» АҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды.

VK
TG
WA