1 - 4 шілде 2019 — Нұр-Сұлтан, Қазақстан

1 - 4 шілде 2019

Шейх Эсам Мохамед Исхак

Vice Chairman of the Governance and Ethics Board of the Accounting and Auditing Organisation for Islamic Financial Institutions (AAOIFI)

Шейх Эсам Мохамед Исхак –  ислам қаржы мекемелерінің бухгалтерлік есеп және аудит ұйымының бухгалтерлік есеп жөніндегі кеңесінің мүшесі (AAOIFI)
Исламдық қаржыландыру саласындағы жетекші тұлға. Шейх Исхак ағылшын және араб тілдеріндегі ислам құқығы мен дін ілімінің оқытушысы. Ол сондай-ақ Бахрейн Корольдігіндегі әл-Иман Ислам мектебінің Қамқоршылық кеңесінің мүшесі. Шейх Эсам Мохамед Исхак Бахрейн Даму Банкін, «Әл-Барака» Ислам банкін, Абу Даби банкін, Fajr Capital және Бахрейндегі халықаралық ислам қаржы нарығын (IIFM) қоса алғанда, көптеген мекемелер жанындағы исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі консультативтік кеңестердің мүшесі болып табылады. Сондай-ақ ол «Әл-Барака» Ислам банкін, Абу Даби банкін (Абу Даби), «Әл-Мизан» Ислам банкін, Дар Такафулды, Ислам қаржы үйін (Абу Даби) және Мальдив монетарлық агенттігін қоса алғанда, түрлі қаржы мекемелерінің жанындағы исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі қадағалау кеңестерінің мүшесі болып табылады. Қазіргі уақытта ол ислам қаржы мекемелерінің бухгалтерлік есеп және аудит ұйымының бухгалтерлік есеп жөніндегі кеңесінің мүшесі (AAOIFI).
 

VK
TG
WA