1 - 4 шілде 2019 — Нұр-Сұлтан, Қазақстан

1 - 4 шілде 2019

Шейх Билал Хан

АХҚО Әкімшілігі бизнесті халықаралық ілгерілету департаментінің исламдық қаржыландыру бағыты бойынша басшысы

Исламдық қаржыландыру қағидаттары бойынша АХҚО Орталық кеңесінің мүшесі; Исламдық қаржыландыру қағидаттары бойынша АХҚО халықаралық сарапшылық кеңесінің мүшесі; АХҚО Халықаралық төрелік орталығының төрешілер алқасының мүшесі.

АХҚО-ның Орталық Шариғаттық консультативтік кеңесінің мүшесі; Исламдық қаржы жөніндегі халықаралық сараптама кеңесінің мүшесі; АХҚО Халықаралық төрелік орталығының алқа төрешісі. 

Шейх Билал Хан бірнеше елдердің мемлекет және үкімет басшыларының арнайы кеңесшісі және көпжақты, үкіметтік және квази-үкіметтік консультативтік кеңестерінің мүшесі. Ол сондай-ақ Мальта исламдық қаржы қауымдастығының Бас хатшысы, McCarthy Denning халықаралық заңгерлік фирмада серіктес әрі Жаһандық исламдық қаржыландыру басшысы және Dome Advisory-дің тең төрағасы.

Ол Шариат ғалымы және Англия мен Уэльстің жоғарғы соттарының солиситоры ретінде түрлі марапаттар мен халықаралық сыйлықтарға ие болған. Шейх Билал Хан Лондон қаласының дамуына қосқан үлесі үшін «Лондон қаласының фриманы» жоғары наградасымен марапатталған. Өз мансабында түрлі салалардаға жетістіктері үшін көптеген марапаттарға ие болды, сондай-ақ British Airways әуе кемелерінде көрсетілетін «Табыс құпиясы» сериалы сияқты телевизиялық деректі фильмдерге түскен. Ол халықаралық конференцияларда баяндамалар жасауымен, жетекші британдық университеттерде дәрістер беруімен және электронды және баспасөз бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысына қатысуымен танымал болды.

Шейх Билал Хан, көптеген беделді кеңестердің мүшесі ретінде осы уақытқа дейін Британдық Prince’s Trust Халықаралық Mosaic көшбасшылық бағдарламасы төрағасының орынбасары лауазымын атқарып келді. Сондай-ақ ол құрамына Қауымдар палатасының, Өкілдер палатасының және  Ұлыбритания үкіметінің Сауда және инвестициялар министрлігі жанындағы UK Catalyst, Ұлыбританияның Сыртқы істер және достастық істері министрлігі құрған Таяу шығыс жөніндегі қауымдастық кеңесі сияқты Лордтар палатасының парламент мүшелері кіретін Ұлыбританияның партиялық топтарының аға кеңесшісі қызметін атқарды. 

VK
TG
WA