1 - 4 шілде 2019 — Нұр-Сұлтан, Қазақстан

1 - 4 шілде 2019

Самир Тагиев

Жеке секторды дамыту жөніндегі Ислам корпорациясының ТМД елдері үшін бас аймақтық менеджері

Тагиев мырзаның дамушы нарықтардағы банк саласында 18 жылдық жұмыс тәжірибесі бар, жетекші банктермен, тікелей инвестициялар қорларымен, Ислам лизингтік компаниялармен және ТМД мен Еуропаның Ислам банктерімен жұмыс істеген.
ICD-ға келгенге дейін ол акционерлері Кувейт қаласындағы ICD, IDB, Aref Investment Group, Al-Ahmar Group және Әзірбайжан мемлекеттік инвестициялық компаниясы болып табылатын Каспий халықаралық инвестициялық компаниясында қызмет еткен болатын.
Соңғы онжылдықта Тагиев мырза Ислам даму банкі тобының (www.isdb.org) ТМД аймағы елдеріндегі жеке сектордың бөлімшесі болып табылатын Ислам корпорациясының (ICD) жеке секторды дамыту бизнес-операцияларын жүргізіп отырды, Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Джиддеде штаб-пәтері бар ТМД елдері бойынша аға өңірлік менеджер қызметінде болды. 
Қаржы тартуға (борыштық және акционерлік капитал есебінен) және синдикацияланған қаржыландыруға жауапты бола отырып, Тагиев мырза Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркия және Албания үкіметтерімен, Al-Hilal Bank (БАӘ), Кувейт қаржы үйі (Кувейт), Тәуелсіз әл-ауқат қорлары және Әзірбайжан мемлекеттік инвестициялық компаниясы (Әзірбайжан) сияқты қаржы ұйымдарының аға басшыларымен жұмыс істеді.
Қазіргі таңда Самир мырза «Asr Leasing Co және Taiba Leasing» (Тәжікстан мен Өзбекстандағы Ислам лизингтік компаниясы) директорлар кеңесінің мүшесі, сондай-ақ 2014-2015 жылдар аралығында KIC (Қазақстандағы Ислам лизингтік компаниясы) директорлар кеңесінің мүшесі болды.
Ұлыбританиядағы Дарем бизнес-мектебінде MBA дәрежесін алды.
 

VK
TG
WA