1 - 4 шілде 2019 — Нұр-Сұлтан, Қазақстан

1 - 4 шілде 2019

Мейіржан Юсупов

Экономика және қаржы жөніндегі бас директор, Басқарма мүшесі, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ

Қазақстан Республикасының азаматы. 1979 жылы туылған. 
2001 жылы «Экономика және басқару» мамандығы бойынша MIDDLE EAST TECHNICAL UNIVERSITY аяктады, 2007 жылы Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебін аяқтады (Экономикалық дамуды басқару магистрі), 2015 жылы Гарвард университетінің Мемлекеттік басқару мектебінің магистрін бітірген. Еңбек жолын «Туркуаз компаниялар тобы» АҚ департамент директорының орынбасарлығынан бастаған. Кейін «Демир Қазақстан Банк» АҚ, «Самұрық-Қазына» Қорында қызметтер атқарған. 
Сондай-ақ ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті директорының орынбасары лауазымындағы мемлекеттік қызметте де болған. 
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да 2010 жылдың қыркүйек айынан Корпоративтық қаржы және қазынашылық департаментінің директоры лауазымында еңбек жолын бастады. 
2015 жылы қараша айында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі Бас директоры болып тағайындалды.

VK
TG
WA