1 - 4 шілде 2019 — Нұр-Сұлтан, Қазақстан

1 - 4 шілде 2019

Майкл Блэр

АХҚО Құқықтық консультативтік кеңесінің Төрағасы, 3 Verulam Buildings жетекші адвокаты, Корольдік адвокат

Майкл Блэр қаржылық қызметтер мен қаржылық қызметтерді реттеудің маманы. Соңғы 7 жыл қатарынан Ұлыбританияның Chambers and Partners тарапынан қаржылық қызметтер саласындағы «Star Individual» деп танылды. Осы анықтамалықта ол «Адвокаттар алқасындағы ғана емес, сонымен бірге көптеген реттеуші органдардағы жұмыста зор тәжірибесі бар қаржылық реттеу саласындағы жетекші маман. Жалпы еуропалық мәселелер бойынша бере алатын консультациялары үшін жоғары бағаланды. Кәсіби деңгейі жоғары және жан-жақты білімді адам. Оның нормативтік базаны түсінуі өте терең әрі құнды» деп сипатталған.  
Оның практикасы негізінен консультативтік сипатта. 2002 жылы ол Дубай халықаралық қаржы орталығын құруға көмектесу үшін шақырылды және 2003 жылы Дубай Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеттің (ДҚҚКРК) Директорлар кеңесінің мүшесі атанды. Ол бірнеше жыл бойы ДХҚО Заң шығармашылық комитетіне төрағалық етті және 2013 жылы ДҚҚКРК Директорлар кеңесінің құрамынан кетсе де, аталған комитеттің мүшесі болып қалды. 

VK
TG
WA