1 - 4 шілде 2019 — Нұр-Сұлтан, Қазақстан

1 - 4 шілде 2019

Лорд Дэниэл Бреннан QC

Ұлыбритания лордтар палатасының мүшесі

Лорд Бреннан 1985 жылдан бастап Королева адвокаты болып табылады. Оның құзырына коммерциялық құқық, халықаралық және жекелей құқық пен халықаралық төрелік кіреді. Ол Жоғары сот судьясының орынбасары, әкімшілік жарақат компенсациясы бойынша кеңесінің бұрынғы мүшесі қызметтерін атқарды. Лорд Бреннанның халықаралық сот пен консультативті тәжірибесі мол. 1999 жылдары  10 000 мыңға жуық адвокат пен адвокаттыққа маманданған, сот процестері бойынша консультанттардың басын қосатын ұйым Англия мен Уэльстің адвокатура Төрағасы қызметін атқарды.  
Жетістіктері: 
1999 жылдары Лорд Бреннан 13 000 мыңға жуық адвокат пен адвокаттыққа маманданған, сот процестері бойынша консультанттардың басын қосатын ұйым Англия мен Уэльс адвокаттар алқасының төрағасы болды. 2000 жылы британдық заңгерлер оны жылдың Барристері деп атады. 
2000 жылы королева Біріккен корольдік үкіметінің ұсынысымен оны өмірлік пэр және Ұлыбританияның лордтар палатасы мүшесі етіп сайлады. Ол сондай-ақ, Солтүстік Ирландия мен Ирландия республикасының адвокатура мүшесі болып табылады. 
Марапаттар: 
1. Католикалық Изабелла орденінің үлкен кресті (Испания)
2. Қасиетті Пеньяфорт Раймонд ордені (Испания)
3. Мексика Жоғары сотының алтын медалі
4. Манчестер, Брэдфорд, Ноттингем Трент университеттері мен Мексиканың әкімшілік ғылымдар ұлттық институтының заң ғылымы бойынша құрметті докторы
 

VK
TG
WA