1 - 4 шілде 2019 — Нұр-Сұлтан, Қазақстан

1 - 4 шілде 2019

Ильдар Давлетшин

Energy / Russia Research Product, WOOD & Co, директор

Ильдар Давлетшин WOOD & Co қатарында зерттеу тәжірибесін басқарады, фирмаға 2017 жылы қосылды, оның қызмет аясына қазақстандық компаниялардың, мысалға Қазатомөнеркәсіп акцияларымен жұмыс жасау кіреді. Бұған дейін ол 10 жылға жуық «Renaissance Capital» қатарында жұмыс істеді, онда мұнай-газ секторында жетекші зерттеу өнімін құрып, банктің шекаралық нарықтардағы зерттеулерді едәуір кеңейтті.
Давлетшин мырза құны 500 млн доллар сомаға Seplat Petroleum жариялаған IPO жобасы мысалында флагмандық зерттеулер бойынша жетекші сарапшы болды - бұл Сахарадан оңтүстікке қарай Африка елдеріндегі барлау және өндіру жөніндегі жергілікті компанияның жүзеге асырған бірінші IPO жобасы болды, бұл ұйым сондай-ақ осы жылы LSE алаңындағы листингіде ең ірі мұнай-газ қатысушысы атанды. Давлетшин мырзаның зерттеу жұмысы барлаумен және өндірумен айналысатын жаңа компанияларға капитал тарту түрінде 1 млрд. доллардан астам қаржы тартуға көмектесті. Оның жұмысы жаһандық қорлардың жетекші менеджерлері тарапынан жүргізілген түрлі сыртқы және ішкі зерттеулерде жоғары бағаланды (жақында ғана ол Extel 2018 зерттеу нәтижелері бойынша ОШЕ (Орталық және Шығыс Еуропа) аумағындағы сатулар саласындағы үздік №2 кәсіпқой атанды).
«Renaissance Capital» қатарында жұмыс жасағанға дейін Давлетшин мырза оқиғаларды басқарумен айналысатын Centaurus Capital хедж-қорында (2007 жылы 100 ірі хедж-қорларға кіреді) инвестициялық аналитик ретінде, сондай-ақ Лондон мен Мәскеуде Dresdner Kleinwort және Ernst & Young компанияларының бірігу және қосылу, бағалау бойынша командалары қатарында жұмыс істеді.
Ол ММХҚИ (Генри Киссинджердің айтуынша, бұл Ресей Гарварды) «Халықаралық экономика» мамандығы бойынша үздік бітірді.
Давлетшин мырза Ұлыбританиядағы CFA қоғамының дипломды мүшесі және қаржы аналитигі болып табылады.

VK
TG
WA