1 - 4 шілде 2019 — Нұр-Сұлтан, Қазақстан

1 - 4 шілде 2019

Гульнур Сарсекеева

BI Property директоры

Сәрсекеева Гүлнұр facility, property, building және asset management саласындағы қызметтерді ұсынатын BI Property компаниясының басшысы болып табылады. Компанияның қызметі коммерциялық жылжымайтын мүлік объектілеріне тиімді қызмет көрсетуге және оларды пайдалану мерзімін ұлғайтуға бағытталған,сондай-ақ жалға алушыларды іріктеу және қажетті қаржылық, заңдық және техникалық құжаттаманы жүргізу бойынша қызметтерді ұсынады.
Гүлнұрдың экономика және құқықтану саласында екі жоғары білімі бар, сондай-ақ 2013 жылы Мәскеу қаласында МВА курсын сәтті аяқтады.
Өткен жылдан бастап ол BI Group компаниясының серіктесі болды, Холдингтің басты 50 қызметкері қатарына кіріп, жалдау қатынастарын есепке алу рәсімдерін автоматтандыру және оңтайландыру, сондай-ақ клиентке бағдарланушылық деңгейін арттыру мақсатында серіктестік бағдарламаны әзірлеп, енгізді. Коммерциялық жылжымайтын мүлік саласында 10 жылдық жұмыс тәжірибесі бар Гүлнұр Компанияның Бөлімдері мен Басқармаларында басшылық қызметтерін атқарған.

VK
TG
WA