1 - 4 шілде 2019 — Нұр-Сұлтан, Қазақстан

1 - 4 шілде 2019

Гуанруй Сяо

"Bridata", Пекин технологиялық компаниясы, Ltd. бас директоры

Гуанруй Сяо Азиялық даму банкінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік сұрақтары бойынша Қытайдағы көлік және мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласында  аға қызметкер боп, 7 жыл жұмыс істеді. Азиялық даму банкінің техникалық көмек жобасына жетекшілік ете жүріп, Қытайдағы мемлекеттік-жекешелік әріптестікке жәрдемдесіп, мемлекеттік шенеуіктердің потенциалын көтеру, үкіметтің потенциалын өсіру, МЖӘ жобалары туралы ақпараттарды ашып көрсету, МЖӘ-нің пилотты жобалары, МЖӘ қорлары, МЖӘ-тің институционалды құрылымының   
концессиялық заңнамалары саласы сынды мемлекеттік органдардың қызметіне, сондай-ақ, Қытайдағы Азиялық даму банкінің 
тәуелсіз несиелеуімен МЖӘ-нің алғашқы жобаларын іске асыру барысында қарт адамдарды күту, білім беру, денсаулық сақтау секторлары бойынша халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп, МЖӘ-ке қолдау білдірді. 
2017 жылдың шілде айында Гуанруй Сяо алғаш рет Қытайда МЖӘ мен инфрақұрылымдарды қаржыландыру бойынша ауқымды деректерді  жинауға бағытталған Bridata компаниясының негізін қалады. МЖӘ деректерін бүкіл елге транзакциялаудан бөлек www.bridata.com веб-сайтында компания консалтингтік, юристік фирмалар мен жергілікті билік органдары мен өзге де қатысушылардың, инвесторлардың қызмет нәтижелерін бақылап отырады. МЖӘ саласында Bridata компаниясы Қытайдағы МЖӘ қоры, ChinaConstructionBank, Дүниежүзілік банк сынды қаржы мекемелерінің, БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссиясы, БҰҰ-ның даму бағдарламасы сынды халықаралық ұйымдардың, сауда-саттық министрлігі (МОФКОМ), қаржы минстрлігі, реформа мен даму бойынша ұлттық комиссия (NDRC) сынды мемлекеттік мекемлердің несиелік рейтингісінің қызметтері, өмірлік цикл активтерін бағалау, мәміле, басқару бойынша консультатция беруді бағалау жүйесі басқармасын жете зерттеу мен ақпараттар жиынтығын ұсынады.  

Азиялық даму банкі мен Дүниежүзілік банкте МЖӘ бойынша эксперт боп қызмет атқарды. 
Қытайдағы реформа мен даму бойынша ұлттық комиссия (NDRC) мен қаржы министрлігі  мойындаған МЖӘ бойынша эксперт. 
 2019 жылғы Қытайдағы МЖӘ дамуы, Қытайдағы МЖӘ дамуының жылдық қорытындысы, BRI үшін инновациялық қаржыландыру деректері болжамын жариялаған.  
WeChat – PPPwiki танымал әлеуметтік желісінің негізін қалаушы. 200 000 мыңнан астам жазылушылары бар PPPwiki Қытайдағы МЖӘ жобаларын қаржыландырумен айналысатын жекешеленген компаниялардың, мемлекеттік мекемелердің деректерін қамтитын жетекші кәсіби желі болып табылады. 
 

VK
TG
WA