1 - 4 шілде 2019 — Нұр-Сұлтан, Қазақстан

1 - 4 шілде 2019

Эндрю Олдланд

АХҚО Құқықтық консультациялық кеңесінің мүшесі, Michelmores аға серіктесі

Эндрю Олдлэнд 2016 жылы АХҚО, ЕҚҚДБ және City UK арасындағы келісім туралы меморандум шеңберінде құрылған алғашқы жоба мүшелерінің бірі болды. Ол қаржылық реттеу және қаржылық қылмыстарға, соның ішінде сыбайлас жемқорлықпен, ақшаны жылыстатумен күресуге, нарықтағы қиянатшылықтар және Компаниялар туралы Біріккен Корольдіктің Актісіне сәйкес қылмыстармен күресуге маманданған. Оның жұмысының бір бағыты FinTech өнімдер жөнінде консультациялар беру бойынша кешенді ұсынымдарды қамтиды. 
Эндрю тәжірибелі адвокат және бұрын Ұлы Мәртебелінің Басқармасында мемлекеттік кірістер мен кеден істері бойынша адвокат, сондай-ақ Бас прокурор мен Алаяқтықтың өрескел оқиғаларымен күрес басқармасы адвокаттары «А» тізімінің мүшесі болды. Ол 2011 жылы Корольдік адвокат болып тағайындалды және жарты жұмыс күні қылмыстық және азаматтық істерді қарау үшін отырыстарға қатысатын судьяның (рекордер)  қызметін қоса атқарады.
Ол Лондон экономика мектебінде «Экономиканы» зерделеді және Сити Университетінің құқық саласындағы дипломға ие.

VK
TG
WA