1 - 4 шілде 2019 — Нұр-Сұлтан, Қазақстан

1 - 4 шілде 2019

Доктор Хурия Әл Ислами

Қажылық бойынша Мемлекеттік кеңес атқару комиетінің мүшесі, Индонезия

Доктор Хурия Әл Ислами – исламдық қаржы бойынша АХҚО халықаралық сарапшылар кеңесінің мүшесі. Сонымен қатар Халықаралық валюта қорының (IMF)  исламдық қаржы бойынша сарапшысы. Индонезия Орталық банкі оны ислам экономикасы мен  қаржы саласының үздік сарапшысы ретінде мойындады.   Д-р Хурия исламдық  қаржы технологиясы Альянсының стратегиялық кеңесшісі, исламдық қаржыландыру Кеңесінің мүшесі, AAOIFI исламдық  қаржыландыру принциптері бойынша Орталық кеңесінің жұмыс тобында болып, кейін AAOIFI кәсіби даму сұрақтары бойынша жетекші қызметіне ауысты. 18 жылдық жұмыс тәжірибесінде халықаралық деңгейдегі корпоративті басқару жетекшілігі, исламдық қаржыландыру принциптері, ислам банкингі, CIMB (Малайзия) ислам банкі Тобының нарық капиталы, Capinnova (Бахрейн) инвестициялық банкінің заңнамалық бөлімінің жетекшісі, Бахрейндегі Кувейт қаржы үйінің заңгер-консультанты, бақылау бөлімінің басшысы, Бахрейн банктері Ассоциациясының заңнамалық сұрақтары мен аудит бойынша комитет төрағасы қызметтерін атқарды. 
Доктор Хурия Гарвард заңнамалық мектебінде келіссөз жүргізу және көшбасшылық білімдерін игеріп, көптеген академиялық марапаттарға ие болды. Глазгодағы Стратклайд университетінде білім алып, Малайзиядағы Халықаралық ислам университетінде  құқық бакалаврын үздік студент болып тәмамдап шықты. Исламдық қаржыландыру мен құқық салалары бойынша көптеген публикациялардың авторы.  
 

VK
TG
WA