1 - 4 шілде 2019 — Нұр-Сұлтан, Қазақстан

1 - 4 шілде 2019

Дауд Викари Абдуллах

DVAConsulting консалтингтік фирмасының атқарушы директоры, Малайзия

Дауд Викари Абдуллах–исламдық қаржыландыру АХҚО халықаралық сарапшылар кеңесінің төрағасы. Ол исламдық қаржыландыру Жаһандық университетінің (INCEIF) бас директоры және президенті болған. 2002 жылдан бастап Дауд Викари Абдуллах тек исламдық қаржыландыру саласына зейін қойып, «Исламдық қаржылар: бұл неге маңызды?» кітабының қосалқы авторы ретінде исламдық қаржыландыру саласының кең етек жаюына үлесін қосты. 
Дауд Викари Абдуллах исламдық қаржыландыру мәселесіне қатысты шараларға жиі спикер ретінде қатысып,  түрлі сұрақтарға жауап береді. Жаһандық «Делойт» исламдық қаржыландырудың негізгі сарапшысы болып табылады.  Сонымен қатар Малайзиядағы екі ислам банкінің бас директоры қызметін атқарады. Бүгінгі таңда Дауд Викари Абдуллах инвестиция және қаржыландыру Қорының мүшесі (RFI),  Қызыл Жарты ай және Қызыл крест Халықаралық қоғамдастық федерациясының консультанты және ислам нарығы консультативтік кеңесінің төрағасы.  

VK
TG
WA