1 - 4 шілде 2019 — Нұр-Сұлтан, Қазақстан

1 - 4 шілде 2019

Азиза Умарова

SmartGov Consulting бас директоры

Азиза Умарова Орталық Азиядағы мемлекеттік секторды реформалауға бағытталған SmartGov консалтинг фирмасының бас директоры. Он жылдық тәжірибесіне сүйене отырып, Азиза Умарова халықаралық экономика мен саясаттану салалары бойынша академиялық дәрежеге негізделген бірегей жүйелік ойлау мен дисциплинараралық көзқарас ұсынды. Мемлекеттік сектордағы инновация, коррупциямен күрес, мемлекеттік қызметтерді ұсыну, электронды басқару, сандық трансформация, сапаны реттеу салаларындағы тәжірибесі мол, түйгені көп. Азиза Умарова Сингапурдегі мемлекеттік қызметті жетілдіру бойынша БҰҰ дамыту бағдарламасының Жаһандық орталығында кеңесші боп қызмет етті. Соңғы уақытта мемлекеттік сектор инновациясына арналған  GovInsider медиа-алаңына қосылып, Еуразия аймағы бойынша редактор көмекшісі болды. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымында мониторинг бойынша эксперт-маман ретінде ат салысып, Шығыс Еуропа мен Орталық Азия аймақтарындағы  коррупцияға қарсы желілердің қызмет сапасына баға берді. Ташкент қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі, Өзбекстан Республикасының монополияға қарсы комитетінің эксперттік кеңес мүшесі. GroundZero құрамына кіреді. Ташкенттегі әйелдер мүмкіндігін кеңейту клубының негізін қалаушы.

VK
TG
WA