1 - 4 шілде 2019 — Нұр-Сұлтан, Қазақстан

1 - 4 шілде 2019

Ато Браун

Дүниежүзілік банк Қазақстандағы тұрақты өкіл

Ато Браун 2016 жылдың 15 ақпанынан бастап Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы (Еуропа мен Орталық Азия аймағы) тұрақты өкілі қызметіне кірісті.
Бұған дейін ол 2012-2015 ж.ж. аралығында Африка аймағына қарасты Сьерра-Леонеде тұрақты өкіл боп қызмет атқарған. Қызмет жылдары Браун мырза үкімет, азаматтық қоғам, дамыту сферасындағы серіктестерімен стратегиялық диалогқа қатынасып, өркендеуге бастайтын ауқымды жобаларды дайындау, іске асыру барысына жетекшілік етті. Одан бөлек Дүниежүзілік банк тобымен бірлесіп, елдегі Эбола вирусының таралуына қарсы бірқатар шараларды қолға алды. 
2009-2012 ж.ж. аралығында Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка аймақтарындағы Дүниежүзілік банктің су ресурстары секторының жетешісі қызметін атқарып, су ресурстарын басқару, сумен жабдықтау, су тарту жүйесі, суландыру жүйелерін дамытуға қатысты сұрақтарды шешумен айналысты. 
25 жыл көлемінде Дүниежүзілік банк пен өзге де халықаралық қаржы ұйымдарының қаржыландыру жобасы бойынша Латын Америка (Бразилия), Азия елдері (Вьетнам, Үндістан, Әзірбайжан, Өзбекстан), Сахарадан оңтүстікке дейінгі Африка  (Гана, Буркина-Фасо, Сьерра-Леоне, Сенегал, Кот-д' Ивуар, Нигерия, Гвинея, Эфиопия, Уганда, Кения, Танзания, Руанда, Мозамбик, Лесото и ОАР), Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка елдеріндегі (Марокко, Тунис, Египет, Ливан, Батыс жағалауы и Газа сектор, Йемен, Ирак, Иран) қала мен аудандық ауылдарды дамыту, әлеуметтік қорғау, жекешеленген секторлардың қызметтер ұсынуы, инфрақұрылым мен коммуналды шаруашылық саласындағы реформалау бағытында орасан жұмыстар жүргізді.
 

VK
TG
WA