1 - 4 шілде 2019 — Нұр-Сұлтан, Қазақстан

1 - 4 шілде 2019

Александр Габуев

Мәскеу Карнеги орталығының «Азиялық-Тынық мұхиттық аймақтағы Ресей» бағдарламасы жетекшісі

Александр Габуев - Мәскеу Карнеги орталығының «Азиялық-Тынық мұхиттық аймақтағы Ресей» бағдарламасы жетекшісі. Азиялық-Тынық мұхиттық аймақтағы ресейлік саясат, ҚХР-ның саяси және идеялық бағыты, сондай-ақ Қытай елінің көршілермен, әсіресе Орталық Азия, Ресей мемлекетімен қарым-қатынасы оның ғылыми қызығушылығын тудырды. 
Мәскеу Карнеги орталығына қызметіне келместен бұрын А.Габуев «Коммерсантъ-Власть» журналының бас редакторының орынбасары, 2007 жылдан бастап «Коммерсантта» корреспондент ретінде Азия мен ТМД елдеріндегі Ресей саясаты, РФ ішкі саясатындағы ірі ұлттық компаниялардың рөлі туралы материалдарға жауапты болды. Дмитрий Медведевтің президенттік пулына кірді.  
А. Габуев халықаралық істер бойынша Еуропалық кеңеске ғалым ретінде шақырылып, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде Қытайдың энергетикалық саясаты мен саяси мәдениеті туралы лекциялар оқыды. 
А. Габуев Мюнхеннің қауіпсіздік бойынша халықаралық конференциясының ең жас көшбасшысы (2011), сондай-ақ ішкі және сыртқы саясат Кеңесінің мүшесі.

VK
TG
WA