1 - 4 шілде 2019 — Нұр-Сұлтан, Қазақстан

1 - 4 шілде 2019

Акаш Дип

Мемлекеттік саясат аға оқытушысы, Джон Ф. Кеннеди атындағы мемлекеттік басқару мектебі, Гарвард университеті. Директорлар кеңесінің атқарушы емес мүшесі, «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтерді реттеу комитеті

2003-бүгінгі күнге шейін, Массачусетс, АҚШ
Қаржы саласына мамандандырылған мемлекеттік саясат сұрақтары бойынша аға лектор. «Нарықтық экономикадағы инфрақұрылым» профессор-оқытушылар құрамы бағдарламасының төрағасы, Гарвард университетіндегі халықаралық қаржы корпорациясы бағдарламасы бойынша факультеттің қосарлас төрағасы

1997-2003 Массачусетс, АҚШ
доцент, Гарвард университеті
2001-2002 Базель, Швейцария
Аға экономист, халықаралық есептеу банкі 
1993-1997 Нью-Хейвен, АҚШ
Ғылыми дәрежелі доктор, Қаржы, Йель университеті
1991-1993 Нью-Хейвен, АҚШ
Гуманитарлы ғылымдар магистрі, операцияларды зерттеу, Йель университеті
1987-1991 Нью-Дели, Үндістан
Технология бакалавры, машинақұрастыру, Үнді технологиялық институты, Дели. 
Дип профессор Гарвард университетінде қаржылық инвестиция, тәуекелді басқару, инфрақұрылымды қаржыландыру мамандықтары мен басқару бағдарламалары курсы бойынша сабақ береді. 
Ол сондай-ақ, Дүниежүзілік банк, Халықаралық қаржы корпорациясы, Еуропалық банк реконструкциясы мен даму, Америкааралық даму банкі, Сингапур ұлттық университетінде, Booz&Co, KPMG, GoldmanSachs, т.б. жетекшілеріне арналған білім беру бағдарламаларына басшылық етті. 
Дип профессор банктердің реструктуризациясы, инфрақұрылымды қаржыландыру, капитал нарығы реформасына, зейнетақы қорына, дүниежүзі бойынша түрлі үкіметтер мен фирмаларға кеңес берді. Оның жұмыстары  FinancialTimes мен  BostonGlobe журналдары мен басылымдарында жарияланып тұрады. Ол сондай-ақ, халықаралық есептеу банкінің қаржылық мекемелер мен инфрақұрылым бөлімінде жұмыс істеді. Дүниежүзілік банк, Халықаралық қаржы корпорациясы, БҰҰ, инвестициялық дау-дамайды реттеу бойынша халықаралық орталық, автомобиль жолдары федералды әкімшілігінде консультант әрі сарапшы боп жұмыс істеді. 
FRM бағдарламасы шеңберінде қаржылық тәуекел бойынша сертификатталған менеджер болып табылады. 
 

VK
TG
WA