1 - 4 шілде 2019 — Нұр-Сұлтан, Қазақстан

1 - 4 шілде 2019

Қатысушыларына бедждерді беру

Бедждардың берілу пунктінің мекен-жайы: “Астана” ХҚО, Мәңгілік ел даңғылы, 20/55, С4 блогы, Кіші атриум (С4.1. және С4.2. блоктарының арасында)
Бедждардың берілу пунктінің жұмыс істеу уақыты:
30 маусым 2019 ж. 15.00 – 21.00 (үзіліссіз)
1-4 шілде 2019 ж.   08.00 – 18.00 (үзіліссіз)

Бедж берілу орталығының орналасу схемасы: 

Қатысушының беджді жеке алуы: жеке басты куәландыратын құжат немесе сенімхат көрсету арқылы.
Бедждер тегi бойынша алфавиттік тәртіпте қойылады. 
2019 жылдың 1 шілдесінде сағат 08:00-ден бастап «Astana Finance Days» бизнес-бағдарламасының алаңына кіру тек аккредитациялық беджді көрсеткен соң ғана рұқсат етіледі. ASTANA FINANCE DAYS символикасы бар бедж иесі туралы келесі ақпаратты қамтиды: тегі мен аты (латынша), сондай-ақ фотосурет (бедждің артқы жағында).
Ғимаратқа кірерде Қауіпсіздік қызметінің өкіліне бедждегі фотосурет көрсетілуі тиіс. Бедж атаулы болып табылады, оның үшінші тұлғаға берілуіне тыйым салынады. Қауіпсіздік қызметі қатысушыдан жеке басты куәландыратын құжатты талап етуге құқылы.
Қатысушы беджді, сонымен қатар, жеке басты куәландыратын құжатты Нұр-Сұлтан қаласында, форумға қатысу уақытында өзімен бірге ұстап жүруі тиіс. Беджді алған қатысушыларға арнайы шақыртулар бойынша өтетін іс-шаралардан басқа барлық іс-шараларға қатысуға рұқсат берілген. Бедждің жоғалу, ұрлану және зақымдану жағдайында бедж берілу пунктіне хабарласу керек. Бедж берілу кезінде қатысушының бедждегі және жеке басты куәландыратын құжаттығы фотосуреттері салыстырылады.

TIРКЕЛУ:
+7 7172 64 74 01

БАҚ ҮШІН ЕСКЕРТУ:
БАҚ өкілдері www.astanafindays.org сайтындағы «БАҚ аккредиттеу» бөлімінде алдын-ала БАҚ аккредитациясын өткен жағдайда ғана іс-шараға қатысуға рұқсат алады.
Аккредиттеу формасын толтырған кезде көрсетілетін жабдықты ғана алып жүруге рұқсат.

БАҚ аккредитациялау координаторы:
Бақытжан Тоимбек
+7 702 222 00 08
b.toimbek@aifc.kz