1 - 4 шілде 2019 — Нұр-Сұлтан, Қазақстан

1 - 4 шілде 2019

НҰР-СҰЛТАНҒА КЕЛУ

ВИЗАЛЫҚ РЕЖИМ
Қазақстан Республикасына кіру үшін жарамды төлқұжат пен виза болуы керек. Astana Finance Days-ке шақырту Қазақстан Республикасының шетелдегі консулдық мекемелерінен қысқа мерзімді виза алудың оңайлатылған тәртібі үшін жеткілікті негіз болып табылады. АХҚО-ның Экспат-орталығына визалық қолдауды алуға арналған өтінімді алдын ала беруді ұсынамыз.
Қазақстан Республикасымен визасыз режим туралы келісімі бар елдердің азаматтары қысқа мерзімді іскерлік мақсаттармен белгіленген мерзімге арналған визаларсыз Қазақстан Республикасының аумағында бола алатынын назарларыңызға алыңыздар.
Егер сіздің еліңіз визасыз режим қолданылатын елдердің тізімінде болмаса, сізге Қазақстан Республикасына кіру үшін виза ресімдеуге өтінім беру қажет. Виза алу үшін төмендегі нұсқаулықпен танысыңыз.

1-ҚАДАМ
ВИЗА АЛУҒА ШАҚЫРТУ
Қазақстан Республикасына кіруге арналған визалар, шақыртушы тарап күнтізбелік 14 күннен кешіктірмей және Қазақстан Республикасына болжамды кіру күніне дейін кемінде күнтізбелік 90 күн бұрын ресімдейтін шақырту негізінде беріледі.

2-ҚАДАМ
ВИЗА БЕРУ
Сіздің реттік нөмірі бар шақыртуыңызды алған соң, біз шақыртудың сканерленген көшірмесін сіздің электрондық поштаңызға жібереміз. Одан кейін сізге өз еліңіздегі Қазақстан Республикасының таяу маңдағы дипломатиялық өкілдігіне бару қажет.
Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігі жоқ елдердің азаматтары біздің елге келген соң ҚР визасын ала алатынына сіздердің назарларыңызды аударамыз.

3-ҚАДАМ
Шетелдік азаматтың төлқұжатын тіркеу

Тіркеу ережелері:
Мемлекеттік шекарадан өткен күннен бастап Қазақстан Республикасында күнтізбелік 5 күннен көп болуды жоспарлаған шетелдік азаматтар күнтізбелік 3 күн ішінде АХҚО-ның Экспат-орталығында тіркелуге міндетті.
Кешігіп тіркелу, әсіресе елден шығып жатқан кезде шекарада әкімшілік бұзушылық болып есептеледі.
Егер елімізде болу күнтізбелік 5 күннен аз болса, онда тіркелу талап етілмейді.
ҚР-мен визасыз режимі немесе жеңілдетілген визалық режимі бар елдерден келетін шетелдік азаматтар тізбеге сәйкес мемлекеттік шекарадан өткен кезде Астана мен Алматы қалаларының халықаралық әуежайларында тіркеуден өтеді.
Визалық қолдау алу туралы толық ақпарат, сондай-ақ ҚР-ға кіру үшін визасыз режим қолданылатын елдердің тізімін www.astanafindays.org сайтынан, «Қатысушыларға» 🡪 «Визалық қолдау» бөлімінде қараңыз.

Визалық қолдауды үйлестіруші:
Айнұр Жуматова
+7(777) 204 28 28
visa@astanafindays.org
Мекенжайы: АХҚО-ның Экспат-орталығы, Мәңгілік ел көшесі, 55/18, Нұр-Сұлтан, Қазақстан 010000

ЖҮК ЖӘНЕ КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУ
Коммерциялық әуекомпаниялардың жолаушылары қосымша шығыстар мен өзге де қолайсыздықтар болмау үшін жүктің көлемі мен салмағына қатысты қолданылып жүрген шектеулермен танысқан жөн.
Авиациялық қауіпсіздік мақсатында жолаушыларға қауіпсіз заттар мен сұйықтықтарды қол жүгімен және тіркелген жүкпен тасымалдауға тыйым салынады.
Жазбаша нысанда кедендік декларациялауға жататын әкелінетін тауарлар тізбесімен, сондай-ақ жолаушыларға арналған кедендік декларацияны толтыру тәртібімен «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайының www.astanaairport.kz ресми сайтында «Рейстер бойынша ақпарат. Кедендік бақылау» бөлімінде танысуға болады.

ӘУЕ ҚАТЫНАСЫ.
НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫ
«Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайы – Астананың тұрақты рейстерге қызмет көрсететін жалғыз әуежайы. Нұрсұлтан Назарбаев әуежайынан АХҚО-ға дейінгі жол шамамен 15–20 минут уақыт алады. 29 маусым - 6 шілде аралығында қатысушыларды қарсы алатын штаб адамдары болады,сондай-ақ ақпараттық бағандарда біздің волонтерлер сіздерге қажетті барлық анықтамалық ақпарат ұсынады.
Адиль Смагулов
+7 701 2229956
Алмат Жарлыкасынов
+7 778 8100022
airportafd@gmail.com

Әуежай медпункті
Кез келген уақытта дәрігердің консультациясын алатындығыңызға және медпункте әуежай қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсететіндігіне сенім білдірулеріңізге болады.
2-терминал, бірінші қабат
Жұмыс уақыты: тәулік бойы
Бағасы: тегін (алғашқы көмек)

Ақпараттық бюро
Әуежайдың анықтамалық қызметі +7 (7172) 70-29-99
Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары үшін хабарласу нөмірі - 1333.
Жұмыс уақыты: тәулік бойы, демалыссыз.
Орналасқан жері: Анықтамалық қызмет 1-терминал (101-110-тіркеу бағандардың сол жағында) мен ғимараттың орталық кіреберісіне қарсы 2-терминалдың бірінші қабатында.
Жүкті іздеу:
+7 (7172) 77-83-76, 77-74-82, 77-77-75
tse.lostandfound@astanaairport.kz

Жолаушыларға VIP-қызмет көрсетуге арналған өтінімдер қабылдау:
+7 (7172) 77-71-08

Әуежайдағы Wi-Fi
Халықаралық әуежайдың сымсыз желісіне қосылу және оған кіру үшін сізге мына қадамдарды орындау қажет:
1.   Wi-Fi қолжетімді желілерінің тізімін ашыңыз.
2. OpenWiFi_TSE деп аталатын желіні таңдап, «Қосылу» батырмасын басыңыз.
3. Қосылғаннан кейін авторизациялау парағы ашылады. «Жалғастыру» батырмасын басыңыз.
4. Мәтінмен таныса отырып, ұялы телефон нөміріңізді енгізіп, «SMS» алу» деген батырманы басыңыз (Ұялы телефон қосылып тұруға, ұялы желіде тіркеліп және SMS қабылдауға дайын болуға тиіс)
5. Егер сіз телефон нөміріңізді дұрыс енгізсеңіз, сізге код жазылған SMS хабарлама келеді. Алған кодты келесі парақта, тиісті жолға енгізіп, «Қосылу» батырмасын басыңыз.
6. Осы қимылдарды орындағаннан кейін сіз желіге қосылып, интернетті пайдалана аласыз.

ТЕМІРЖОЛ ҚАТЫНАСЫ
«Нұрлы Жол» вокзалы (Нұр-Сұлтан қ., А-82 8 көшесі)
«Нұр-Сұлтан-1» вокзалы (Нұр-Сұлтан қ., Вольфганг Гете көшесі, 1)
Вокзалдардың жұмыс істеу уақыты: тәулік бойы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның бірыңғай анықтамалық қызметі
+7 7172 93-01-13 немесе 105
www.railways.kz
*Ескертпе: ҚР бүкіл аумағы бойынша тіркелген және ұялы байланыс нөмірі 105

НҰР-СҰЛТАННЫҢ АУА-РАЙЫ
Нұр-Сұлтанда климат күрт континенталды, жазы құрғақ, қысы қарлы суық.
Неғұрлым жылы ай — шілде, бұл айдағы орташа температура — 20,9 °C.

ЖЕРГІЛІКТІ УАҚЫТ
Нұр-Сұлтан Гринвичтен +6 сағатқа айырмашылығы бар сағаттық белдеуде орналасқан.

ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ
Қазақстан Республикасындағы электр желісінің кернеуі - 220 В (50 Гц). C және F розеткаларының түрлері таралған.

ВАЛЮТАЛЫҚ БАҒАМ
Қазақстанның ұлттық валютасы - теңге (KZT). Валюталар бағамы туралы өзекті ақпаратты www.kurs.kz сайтынан алуға болады.