1 - 4 шілде 2019 — Нұр-Сұлтан, Қазақстан

1 - 4 шілде 2019

AFD-2018 нәтижелері

Өткен жылдың 5 шілдесінде ЭКСПО Конресс-Орталығы ғимаратында ҚР Мемлекет басшысы мен Премьер-Министрінің қатысуымен АХҚО-ның ресми түрде ашылу салтанаты өтті. 
Орталықтың ресми түрде ашылу салтанатына себеп болған бірден бір оқиға - өткен жылдың 3-4 шідесінде АХҚО-ның барлық стратегиялық бағыттары бойынша өткен Astana Finance Days күндері болды. Astana Finance Day аясында 46 панельдік сессия мен 2 мастер-класты біріктірген 7 форум өтті. Форумдарда 296 спикер сөз сөйлеу мүмкіндігіне ие болды.


Astana Finance Days шеңберінде «AIFC Digital Exhibition» АХҚО Цифрлық бастамалар көрмесі өткізілді. Оның аясында тіркеу мен бақылау бойынша АХҚО тұғырнамасы, АХҚО резиденті картасы, крипто-тұғырнамалар, киберқауіпсіздік, исламдық қаржы технологиялары, Самрұқ-Қазына сандық жобалары, қаржы технологиялары бойынша стартап бағдарламалар және тағы басқа тақырыптар бойынша 24 стенд көпшілік назарына ұсынылды.
Astana Finance Days  аясында АХҚО-мен екіжақты ынтымақтастық туралы 11 құжатқа қол қойылды. Форум алаңында серіктестермен 22 В2В кездесулер өтті. Сонымен қатар, АХҚО Кеңестерінің 8 отырысы (AIX, AFSA Директорлар кеңесі, АХҚО қатысушылары кеңесі, консультациялық кеңестер және т.б.) өтті.
АХҚО-ның ресми ашылуы барысында әлемнің 73 елінен 6 962 адамның тіркелгені белгілі болды. Олардың арасында алыс-жақын шетелдердің белді саяси қайраткерлері, ірі халықаралық компаниялардың, даму институттары және қаржы ұйымдарының жетекшілері бар.

Н.Назарбаев, Қазақстан Республикасы Президенті
“Астана өңірдегі басты қаржылық хабқа айналуы тиіс, болашақта ол - Азиядағы жетекші қаржы орталықтары қатарына енуі керек”. 
«АХҚО-ны құру - халықаралық бизнес-қауымдастықтың біздің елдің табысты даму жолын жоғары бағалауы мен сенімі болып табылады”. 
«АХҚО-ның қазақстандық үлгісі әлемдік қаржы құрылымдары қызметінің ең үздік тәжірибелерін өз бойына шоғырландыра білді. Орталық Қазақстан Республикасы резиденттерімен де, бейрезиденттерімен де жұмыс жасайтын болады. АХҚО қатысушылары Қазақстан мен өңірдің капиталына ғана емес, бүкіл әлемнің капиталына қол жеткізетін болады”. 

Б. Сағынтаев, Қазақстан Республикасы Премьер-министрі
“Астана” халықаралық қаржы орталығы өзінің теңдессіз географиялық орналасуымен Орталық Азия, ЕАЭО, Кавказ елдері, Таяу Шығыс елдерінің нарығына шығуға жол ашады. Сонымен бірге, Астананың “Бір белдеу, бір жол” жаһандық бастамасының жаңа трансконтиненталды негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Сондықтан АХҚО Батыс Қытай, Моңғолия мен Еуропа елдері арасындағы басты қаржы-экономикалық көпір болады. Мұның бәрі  1 млрд. тұрғыны бар алып нарыққа шығуға жол ашады”. 

Р. Минниханов, Татарстан Республикасы Президенті
“Біз Қазақстанмен тығыз жұмыс істейміз. Қазақстан көптеген бағыттар бойынша көшбасшы болып табылады. Біз Қазақстаннан түрлі бағыттар бойынша тәжірибе алып келеміз. Татарстан дәл осылай алдағы уақытта да белсенді серіктес болады. Мен ендігі жерде сіздерге тек табыс тілегім келеді. Барлық қабылданған шешімдер - революциялық шешімдер”.

Қ. Келімбетов, АХҚО Басқарушысы
“Бізде акционерлер арасында Жібек жолы қоры пайда болды. Ол капиталдандыру көлемі бойынша 40 миллиард доллары бар, “Бір белдеу, бір жол” бастамасын жүзеге асырумен айналысатын ірі мекеме болып табылады. Бүгіз біз тағы бір рет Қазақстандағы түрлі инфрақұрылымдық және инвестициялық жобаларға екі миллиард долларға жуық инвестиция құю туралы ақпарды естідік”. 
“Бүгінде біз АХҚО-ны қарқынды түрде дамыту үстіндеміз. Ол Орталық Азия мен Еуразиялық экономикалық қауымдастық үшін өңірлік хабқа айналуы мүмкін. Астананың 20 жылдық тарихында біз теңдессіз нәтижелерге қол жеткізе алатынымызды көрсеттік. Бастысы - осы қарқыннан таймауымыз тиіс”. 

Джейкоб Френкель, JP Morgan Chase International  Директорлар кеңесінің төрағасы
“Құрылатын қаржы орталығының табысы үшін аса маңызды дүниелер бар. Біріншіден, ол сенім мен ашықтық, екіншіден, бейімділік пен дұрыс реттеу, үшіншіден, жаңа технологиялар пайда болып жатқан кезеңде жұмыс істеу мүмкіндігі. Маған АХҚО басқарушы компаниясының  стратегиялық мақсатты жүзеге асыру қағидаттарының маңызын - аталған орталықтың рекордты уақыт арасында қажетті инфрақұрылымды құру маңызын түсінетіні тәнті етеді. Ол өз кезегінде осындай қаржы орталықтарын құруда теңдессіз қажеттілік екенін ұмытпаған жөн”. 

Марк Иендл, Z/Yen директоры, жаһандық қаржы орталықтары рейтингісін құрушы
«Астана The    Global    Financial    Centres    Index    by    Z/Yen Group қаржы орталықтары бәсекелестігі индексіне тез енді, ол мұндай жас қала үшін айрықша жетістік. Жалпы Астананың индекске енуінің өзі, басты әрі маңызды қадам болып саналады. Меніңше Астана теңдессіз ілгері қадам жасады".