1 - 4 шілде 2019 — Нұр-Сұлтан, Қазақстан

1 - 4 шілде 2019

03/07/2019, 18:00

««Астана» Халықаралық Қаржы Орталығы құқығы: дамудағы алдағы қадамдар» атты АХҚО-ның құқықтық мәселелер бойынша конференциясы өтті

Іс-шара «Астана» Халықаралық Қаржы Орталығы (әрі қарай – АХҚО) юрисдикциясына және оның дамудағы алдағы қадамдарына арналды.

Конференцияға Baker & McKenzie, White & Case, Norton Rose Fulbright, Curtis Mallet-Prevost сияқты жетекші халықаралық заң фирмаларының өкілдері, елшіліктер мен университеттердің өкілдері, профессорлар мен адвокаттар қатысты.

Қонақтар беделді халықаралық сарапшылармен, соның ішінде құрметті авторлармен, судьялармен және заңгер мамандармен конференция тақырыбына байланысты өзекті мәселелерді талқылады. Олардың ішінде  АХҚО сотының төрағасы Лорд Вольф, АХҚО Халықаралық Арбитраж Орталығының төрағасы, корольдік адвокат Барбара Доман, АХҚО Құқықтық Консультативтік Кеңесінің төрағасы Майкл Блэр болды.

Спикерлер АХҚО құқығының соңғы өзгерістерін және АХҚО-ның құқықтық ерекшеліктерін түсіндірді. Сондай-ақ, АХҚО құқығын қолданудың практикалық аспектілері және АХҚО дамыту шеңберінде теңіз және көлік құқығы саласындағы бастамаларды іске асыру мүмкіндіктері қарастырылды.

Англия мен Уэльстің құқық принциптері негізінде жұмыс істейтін АХҚО Сотына ерекше назар аударылды. АХҚО соты туралы жалпы және континенталдық заңдардың конвергенциясы ретінде талқыланды. Спикерлер Еуразиядағы және одан тыс жерлердегі бизнесті дамыту құралы – Халықаралық арбитраждық орталықта дауларды шешудің балама маңыздылығын атап өтті.

 

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорынын материалдар негізінде.

VK
TG
WA

Басқа жаңалықтар