1 - 4 шілде 2019 — Нұр-Сұлтан, Қазақстан

1 - 4 шілде 2019

03/07/2019, 15:00

АХҚО Биржасы бірқатар қытайлық компаниялармен келісімшарт бекітті

Атап айтқанда, AIX Басқарма төрағасы Тимоти Беннетт China Construction Bank, CITIC Securities, Қытайдың шетелдегі кәсіпорындарды дамыту қауымдастығымен, CITIC Securities инвестициялық банкімен, Deheng Law Offices заң фирмасымен және China Chengxin International Rating Agency-мен мәміле жасасты.

Одан бөлек, AIX PwC Kazakhstan компаниясымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

«Біз «Астана» халықаралық қаржы орталығымен және қазақстандық «ҚазАтомӨнеркәсіп» компаниясымен бірлесе жұмыс істейміз. Біздің ұзақмерзімді келісімшартымыз бар және инвестициялық саясат жұмыстарын жалғастыратынымызға қуаныштымыз. Қазақстанға инвестиция салғысы келетін клиенттер өте көп. Өзім үш жылдан бері Қазақстанда жұмыс істеп келемін», - деп пікір білдірді PwC компаниясының Еуразия елдеріндегі өкілі Кирк Уиллиамс.

Айта кетейік, Астана халықаралық биржасы (Astana International Exchange) - трейдинг саласындағы жаңа технологияларды қолдану жолымен құрылған заманауи сауда алаңы. Оның стратегиялық серіктестері Шанхай қор биржасы, Жібек жолы қоры, NASDAQ биржа тобы, Goldman Sachs халықаралық қаржылық тобы - биржа мен қаржы индустриясының жаһандық көшбасшылары.


Биржа - ұлттық компанияларды жекешелендіру бағдарламаларын жүзеге асырудың, мемлекеттік және корпоративтік құнды қағаздарды шығару мен айналымға салудың алаңы саналады. 2016-2020 жылдарға арналған Кешенді жекешелендіру жоспарына сәйкес, биржа алаңында инвесторларға ірі ұлттық корпорациялар мен мемлекет қатысатын орташа компаниялардың да үлестері ұсынылады.

 

VK
TG
WA

Басқа жаңалықтар