1 - 4 шілде 2019 — Нұр-Сұлтан, Қазақстан

1 - 4 шілде 2019

02/07/2019, 15:30

АХҚО Сингапур мен Шанхайға әуе рейсін ашуды ұсынды

«Соңғы 12 айда өте жақсы жетістіктерге қол жеткіздік. Біздің реттеуші аясында 200-ден астам компанияның тіркелуіне келсек, бұл компаниялар арасында аса танымал ұйымдардың бар екенін мақтанышпен айтқым келеді. Мәселен, Қытай даму банкі, Қытай құрылыс банкі бар. Сонымен бірге, «Бір белдеу - бір жол» бастамасының нағыз қаржылық хабына айналғымыз келеді», - деді Қайрат Келімбетов Astana Finance days аясында өтіп жатқан АХҚО Кеңесінің отырысында.

Оның айтуынша, АХҚО шын мәнінде инфрақұрылымдық және қаржылық хаб бола алады.

«Үкімет пен Ұлттық банк бұл жобаны қолдап отыр және мұндағы маңызды мәселе - басқа ұйымдармен өзара байланыс. Сондықтан, қазір Токио, Сингапур, Шанхай қалаларына тікелей әуе рейсін ашу жөнінде Үкіметпен жұмыс істеп жатырмыз. Бұл АХҚО-ны ірі жаһандық қаржылық орталықтармен байланыстырады», - деп атап өтті Қ. Келімбетов.

Материал Kazinform.

VK
TG
WA

Басқа жаңалықтар