1 - 4 шілде 2019 — Нұр-Сұлтан, Қазақстан

1 - 4 шілде 2019

01/07/2019, 16:30

Елордада компаниялардың IPO-ға шығуына арналған практикалық семинарлар өтті

Шара барысында компания мамандарына арналған «Getting trained for IPO» практикалық воркшоптар сериясы, халықаралық капитал нарығына шығу мүмкіндігін қарастыру және шетелдік инвесторларды тарту эксперттер алаңы жұмыс істеуде. 
Семинар бағдарламалары IPO саласына қатысты өзекті мәселелер, қоғамдық нарыққа шығудағы компания проблемалары мен аталған мәселелерді шешудегі АХҚО сарапшылары ұсынатын шешімдерге басымдылық беруде. 
талмыш шараға Орталық Азия мен отандық 50-ге жуық компания өкілдері жиналды. Сол компанияларға халықаралық деңгейдегі серіктестеріміз жеті сала бойынша компанияны қалай дұрыс бағытта халықаралық деңгейге жеткізу қажет, инвестормен қалай дұрыс жұмыс істеу керек, құжаттарды қалай жинайды, мамандарды қалай іріктейді деген мәселелер аясында тренингтер өткізіп жатыр", - деді Ернұр Рысмағамбетов, «АХҚО Әкімшілігі» АҚ төрағасы орынбасары. 
Сондай-ақ, Е.Рысмағамбетов отандық қаржы мамандарының құзіретін арттыру мақсатында шетелден үздік мамандарды шақыртып отырғандарын айтты. 
"Бізде мықты мамандар көп. Олардың халықаралық деңгейде жұмыс істеу тәжірибелерін арттыру мақсатында халықаралық серіктерімізді алып келіп, халықаралық деңгейде қандай есепші болу керек, қандай қаржы сарапшысы болу керектігіне қатысты үздіксіз кәсіби даму Бюросында бағдарламалар енгізіп,  арнайы отандық мамандарды дайындап жатырмыз. Ендігі басты мақсат  — сол біліктілігін арттырған мамандар арқылы елімізге инвесторларды тартып, отандық компаниялардың деңгейін көтеру", - деді ол. 
Айта кететіні, аталған жиынға АҚШ, Қытай, Сингапур, Катардың қаржы саласындағы үздік мамандары келген. Семинарға инвестициялық менеджмент (CFA), тәуекелдерді басқару (FRM), бухгалтерлік есеп және аудит (АССА), қызметкерлерді басқару (HRCI) саласының халықаралық үздік мамандары қатысуда.

VK
TG
WA

Басқа жаңалықтар