1 - 4 шілде 2019 — Нұр-Сұлтан, Қазақстан

1 - 4 шілде 2019

01/07/2019, 17:00

Әлемнің үздік заңгерлері халыққа тегін кеңес береді

«Pro Bono» термині «қоғам игілігі үшін» деген мағына береді. Бұл тәжірибе көптеген ұйымдарда жолға қойылған. Яғни, кәсіби заңгерлік ұйымның құрамында болсаңыз, қоғам алдындағы жауапкершілік ретінде қайырымды іспен айналысуыңыз керек. Яғни, негізгі философия - заңгер жалдауға қаражаты жетпеген адамдарға тегін сапалы қызмет көрсету», - деп түсіндірді АХҚО сарапшысы Дэвид Галло Law Pro Bono кеңсесінің ашылуына арналған брифингте.

Тегін кеңес беруде АХҚО-да тіркелген халықаралық және жергілікті заңгерлік компаниялардың қызметкерлері жұмыс істейді.

«2018 жылы АХҚО аумағында 20-дан астам заңгерлік компания тіркелді. Олардың арасында Baker&McKenzie, Curtis Mallet-Prevost, Grata International сынды танымал заңгерлік ұйымдар бар. АХҚО қаржы мәселесіне қатысты сұрақтармен айналысатын болғандықтан, заңгерлік кеңестер де өз құзіретіміздегі мәселелер жөнінде болмақ. Яғни, кез келген елдің заңды немесе жеке тұлғасы АХҚО аумағына келіп, қаржы, бизнес салалары жөнінде заңгерлік кеңеске жүгіне алады», - деді АХҚО Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Марат Әйтенов.

Law Pro Bono кеңсесі ЭКСПО аумағында орналасқан. Тегін кеңес үшін әр екі апта сайын сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 10.00-12.00 аралығында келуге болады. Ақыл-кеңес электронды түрде берілмейді.

 

Kazinform материалдар негізінде.

VK
TG
WA

Басқа жаңалықтар