1 - 4 шілде 2019 — Нұр-Сұлтан, Қазақстан

1 - 4 шілде 2019

04/07/2019, 08:40

Қазақстан экономикасын қаржы технологиясы арқылы қалай дамытуға болады?

— Евгений, неліктен «Visa Everywhere Initiative» бағдарламасын Орталық Азияда өткізуге шешім қабылдадыңыздар?

— Біріншіден, Орталық Азия Visa-ға арналған түпкі нарықтың бірі болып саналады. Біз қаржы қызметінің үлкен болашағын дәл осы жерден көріп тұрмыз. Екіншіден, Орталық Азияда белді серіктесіміз – «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) бар. Сол серіктесіміздің қолдауы алғаш ТМД-да осы бағдарламаның іске асуына себеп болды.

— Бағдарлама финалистері «Visa» тарапынан менторлық немесе қаржылай қолдауға ие болады. Аталған мүмкіндікті берушілерге бұдан қандай пайда бар?

— Біздің мақсатымыз оның орнына белгілі бір өтем алу емес. Біз тек экожүйені ұлғайтып, қаржы қызметі өсетін қоршаған орта қалыптастыруды көздейміз. Мұндағы принцип өте қарапайым, экономика өссе Visa да өседі, осыған сай Visa-ның мақсаты экономиканың өсуіне жағдай жасау. Біз қандай да бір компаниядан есесіне ештеңе талап етпейміз, керісінше сол компанияның дамып, ақшасыз есеп айырысу технологиясы нарығына оң әсер еткенін қалаймыз. Осындай жолмен Visa бизнесі де өседі.

— Қазіргі заманда аналогтық технологияның цифрлыққа өтуі жүзеге асуда. Осы орайда қаржы технологиясының артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?

— Мұндай технологияның артықшылығы ақшамен есеп айырысу уақытында орын алатын қылмыстардың алдын алу болып табылады. Сонымен қатар ол - ашықтық. Біз ақшасыз есеп айырысу технологиясының тың серпіліс екенін, бизнес орталықтары қызметінде, мемлекет пен азаматтар үшін өте салмақты құрал екенін түсініп отырмыз. Бұдан 100 жыл бұрын банктер болған, ал біз қазір альтернативті жеткізушілер пайда болған уақытта өмір сүріп жатырмыз.

— Қаржы технологиялары стартаптарының цифрлық және басқа сала стартаптарынан қандай айырмашылықтары бар? Ерекшеліктерін атап өтсеңіз.

— Бүгін көптеген стартаптардың қаржы нарығында белгілі бір сараптаманы талап ететінінің куәсі болдық. Өз өніміңді түсініп, оны сапалы ету үшін қандай жұмыс істеп жатқаныңды білу керек. Сол себепті технологиялық сараптама аздық етеді, қаржылай сараптама да қажет. Осыған сай көптеген табысты стартаптарды банк ортасынан шыққандардың жүзеге асырғандығын көріп жүрміз.

— Биылғы жылы VEI конкурсы алғаш рет Орталық Азия территориясында өтіп жатыр. Жас стартаперлердің болашағынан қандай үміт күтесіз?

— Осы бастаманың арқасында - нарық қатысушылары, мобильді операторлар, сақтандыру компаниялары, несие бюролары жаңа мүмкіндіктерді көріп, өзара серіктестік орнатады деп сенеміз. АХҚО-мен бірлесе отырып, Қазақстанда ақшасыз есеп айырысу технологиясының симбиотикалық дамуы үшін атқарып жатқан жұмысымыз - экожүйе құрудағы алғашқы қадамдарымыздың бірі. Сондықтан болашаққа деген үмітіміз өте үлкен!

 

Nur.kz материалдар негізінде.

VK
TG
WA

Басқа жаңалықтар