1 - 4 шілде 2019 — Нұр-Сұлтан, Қазақстан

1 - 4 шілде 2019

27/06/2019, 10:00

AIFC ART WEEK

Лейла Махаттың “Аспан мен Жер” атты көрмесі
 

Жұмыс күндері: 1-4 шілде 2019
Уақыты: 10.00 - 18.00
Кіру: Astana Finance Days қатысушысы беджі
Өтетін орны: С3.1- С3.2 мини-атриумы, С3.2- С3.3 мини-атриумы

ЛЕЙЛА МАХАТ – суретші, тәлімгер, галерист. Қазақ Ұлттық өнер университетіндегі «Көркем сурет және мүсін» кафедрасының доценті. «Құланшы» қазіргі заманғы Өнер орталығы кураторлық кеңесінің Төрағасы. Еуразия Өнер Академиясының президенті. 

Шығармалары орналасқан топтамалар (қоғамдық жинақтар):
 - А. Қастеев атындағы Мемлекеттік Бейнелеу Өнерінің Мұражайы, Алматы, Қазақстан - Қазақстан Республикасының Ұлттық Мұражайы, Астана 
- Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Мұражайы, Астана 
- Мәдениет Министрлігінің Бейнелеу Өнерінің Мұражайы, Анкара, Түркия - Үлдінген қалалық Тарих Мұражайы, Германия 
- Мемлекеттік Бейнелеу Өнері Мұражайы, Кишинев, Молдова 
- «Арт 21» Галереясы, Мюнхен, Германия 
- «Сарай» Галереясы, Берлин, Германия 
- «Five+Art» Галереясы, Вена, Аустрия
 - Кишо Курокава қорының топтамасы, Токио, Жапония 
- Токио өнер университетінің Галереясы, Жапония 
- Қазіргі заман өнер орталығы, Гуанчжоу, ҚХР, сонымен қатар Қазақстан, АҚШ, Түркия, Германия, Ресей, Ұлыбритания, Бельгия, Үндістан, Аустрия, Жапония, Чехия және басқа елдерде жеке топтамаларда.

Марапаттары
-Өнерді дамытуға қосқан үлесі үшін Мемлекеттік награда «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы», Астана, Қазақстан 
-Мәдениет пен өнерді дамытуға қосқан үлесі үшін Франц Кафки атындағы төс белгі, Прага, Чехия 
-Азия-Тынық мұхиты көркем сурет қауымдастығының дипломы, Токио, Жапония -Халықаралық Парламенттік Ассамблеясының «Мәдениет пен өнердің дамуына қосқан үлесі үшін» наградасы, Мәскей, Ресей 
-Бейнелей өнері академиясының құрметті мүшесі, Прага, Чехия 
-Еуропалық Өнер Одағының лауреаты 
-Өнер мен мәдениет жетістіктеріндегі марапаттар - Golden Europea, European platter, Прага, Чехия

Прессаға арналған контакт:
CONTEMPORARY ART CENTER “KULANSHI” 

Галерея директоры 
Айгуль Тегжанова;
+7 777 111 0101
kulanshiart@gmail.com


“ТҮСТЕР ПОЭЗИЯСЫ” Бақытнұр Бүрдесбековтың бейнелеу өнері шығармашылығына арналған дербес көрме
 


Жұмыс күндері: 1-4 шілде 2019
Уақыты: 10:00 - 18:00
Кіру: Astana Finance Days қатысушысы беджі
Өтетін жері: C3.2-3.3 мини-атриумы

Шілденің 1-і мен 4-і аралығында Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана» Халықаралық қаржы орталығының аумағында қазақстандық суретші Бақытнұр Бүрдесбековтың бейнелеу өнеріне арналған дербес көрме өтеді. Көрме Astana Finance Days халықаралық қаржы конференциясы шеңберінде ұйымдастырылған AIFC Art Week (АҚХО-дағы өнер апталығы) апталығының бір бөлігі.

Бақытнұр Бүрдесбековтың жұмыстары – бұл көпқабаттылық әрі түстердің керемет үйлесімділігі. Бір көргеннен баурап алады. Бұл - түстердің шырыны мен қылқаламнан туған  эмоциялар әлемі.
 
Көрмеде бұрыннан белгілі, әйгілі туындылармен қоса жаңа еңбектер халық назарына ұсынылады. Көрменің идеясы – Қазақстандағы заманауи өнердің бағыт-бағдарын көрсету. Бүрдесбеков картиналарының кілт тақырыбы – қала өмірінің бірегей бейнесі және оның тұрғындарының еркін абстрактілі-реалистік көрінісі. Таң мен түннің, аптап пен жаңбырлы кештің, дағдылы әрі демалыс күндерінің, қаланың көрнекі және қараусыз қалған жерлерінің кереғар үйлесімділігі түйсіну көкжиегінің кеңеюіне мүмкіндік береді. Қала энергетикасы оның тұрғындарын мейірімге, махаббатқа толтырып, жаңа бастамаларға итермелейді.

«Түстер поэзиясы» - Қазақстанның XXI ғасырдағы бейнелеу өнеріне арналған көрме. Галереяда ню, пейзаж, портрет, индустриялы пейзаж бағыттары көрермен назарына ұсынылады.
Бақытнұр Бүрдесбеков қызмет жолын 1989 жылы бастап, Қарағанды қаласындағы көркем-өнеркәсіптік шеберханада жұмыс істеді. 1992 жылдан Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі

Прессаға арналған контакт:
Ардак Ташимов 
87014797697
Ardak_diz@mail.ru
 

“Esthesis. Emotional Intelligence” artULA көрмесі
 

Жұмыс күндері: 1-4 шілде 2019
Уақыты: 10.00 - 18.00
Кіру: Astana Finance Days қатысушысы беджі
Өтетін орны: Мәңгілік Ел, 55/21, холл С4.2. 

Astana Finance Days 2019 төрт күндік халықаралық қаржы конференциясының мәдени бөлігі «Esthesis» – заманауи өнер көрмесі болмақ.
Көрме экспозициясы көрермендерге майлы бояумен кенепке салынған суреттерді сезініп, авторларымен бірге көңіл көкжиегін кеңейтіп, өзіне жаңа кеңістіктер ашуға, шығармашылық экспрессиямен, қабылдау нәзіктігімен және көрермендермен эмоционалдық интеллект тілінде сөйлесетін жұмыстармен танысуға мүмкіндік береді. 
«Esthesis» көрмесінің атауы – материалдық әлемнің шыңы бола отырып, өнер тудыруы мүмкін сезім иірімдерін білдіретін ежелгі грек сөзі.
Соңғы уақытта біз қазіргі заманғы жұмыстардың орындалған стилін атауға қиналып жатамыз, өйткені қазіргі қолда бар терминдермен оларды анықтау
мүмкін емес. Бәлкім, жаңа анықтамалардың уақыты келген болар. Эстесионизм – бұл тек пішінге ғана ишара білдіретін кескіндеме, графика. Ол бізге картиналарды ауқымдырақ қабылдауға мүмкіндік береді. Ішкі әлемімізді байыта отырып, біздің эмоционалдық ой-өрісімізді айтарлықтай кеңейте түседі.

Прессаға арналған контакт:
Лиознянская Ольга
Тел.:  +7 912 25 88 555
E-mail: info@artula.art

VK
TG
WA

Басқа жаңалықтар